Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 15 маусым күні Алматы қаласы, Алматы Құрылыс техникалық колледжі (Саина 32, Маречка киылысы) ғимаратында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған талантты жастар арасында өтетін Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық конкурсын  өткізді.

Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізіледі.

1.      Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;

2.      Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;

3.      Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары драмалық шығармаларынан үзінді оқу. Осы кезеңдер бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Дастан Бекнұр

І орын – Баймұхамбетова Динара

ІІ орын – Хасенов Талант

ІІІ орын – Құлназаров Шоқан

Конкурс шарттары бойынша «Мәнерлі сөз» және «Әуезді сөз» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Бақытжанов Нұрлан мен Аманхан Ақниет иеленді. Ал, Тұрғанбеков Ермек, Әбдімәуленова Әсем мен Қандыкөз Рақымжан ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Дастан Бекнұр Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

                                                                                  Ұйымдастыру комитеті