Талқыланудағы дыбыс


Уу
Пікір енгізу үшін жүйеге кіріңіз




Уу дыбысының қай нұсқасын қолдайсыз


Uu
Ww
Дауыс беру үшін жүйеге кіріңіз


С

Сайпулла Моллақанағатұлы

Қолданушы

01/10/2018 22:06      0   0
Vv = Уу

Б

Бейбіт Исхан

ф. ғ. к. доцент

16/04/2018 11:08      0   0
Төлеубек Зайсанбаев «у» дыбысы туралы дұрыс айтып отыр. Расында да «у» дыбысының дыбыстық мазмұнын дәл анықтап алсақ, емле ережелеріміздің түйткіл тұстарын біраз шешіп алар едік. Бір қарағанда қазақ тілінің «у» дыбысы орыс тілінің осыған ұқсас дыбысы секілді көрінеді. Алайда бұл түсінік оның алдында да, соңында да езулік қысаң «ы», «і», «е» дауысты дыбыстары келе алмайтынын ескермей, және де жазуда үнемділік сақтаймыз деген мақсатпен оның алдындағы «ұ/ү» дауысты дыбыстарын жазбаудан басталды. Қазақтың жанды (ауызша) тілінде «у» дыбысы жеке дыбысталған кезде үнемі «ұу/үу» делініп айтылады. Осы арада ескерте кететін бір мәселе: сөз құрамында дауыссыз үнді «у» дыбысының алдында да (ауа, әуе, аудан, әуке т.б.), соңында да (уақыт,уәкіл, уағда, уәде т.б.) езулік ашық «а/ә» дыбыстары қолданыла алады. Қуантқан Ванов айтып отырған «барма, келме» деген сияқты сөздерге «у» дыбысы жалғанғанда олардың соңындағы «а» дыбысының «ұ» дыбысына айнала алмайтындығы сондықтан. Ал «у» дыбысынан кейін «ы», «і», «е» келетін болса (Келе алмайды. Біз сол дыбыстарды «дауыс, тәуір, сәуір, әуе» сияқты толып жатқан т.б. сөздерде жазып, оқып-айтып жүрміз), олар міндетті түрде еріндік «ұ, ү, ө» дыбыстарына айналып, [дауұс], [тәуүр], [сәуүр], [әуө]» делініп айтылады. «Ы», «і», «е» дыбыстармен аяқталатын сөздерге, мысалы, Төлеубек мысалға келтіріп отырған «жылжы+ў, сергі+ў» сияқты сөздерге «у», яғни «ұу/үу» үнді дауыссыз дыбысы жалғанған кезде олардың соңғы «ы/і» дыбыстары түсіріліп, [жылжұу[, [сергүу] делініп айтылады. Өйткені қазақ тілінде сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар тұрып айтылмайды.

Қ

Қабжан Шорманұлы

Қолданушы

13/04/2018 09:00      0   0
"Қазақтың латын әліпбиінде дауыссыз Уу дыбысын Ww әрпімен белгілеген дұрыс және заңды. Көбі, әсіресе орыстілділер, қазақ тілінің дұрыс дауысталып таңбалануын білмегендіктен орыс тіліндегідей Уу – Uu болғанын қалайды. Ww – дауыссыз және қазақ дыбыстарын таңбалаған кезде дәл келіп тұр, мысалы Saylaw - сайлау , tekseriw –тексеріу, Jetisuw – Жетісу. Соңғы қабылданған әліпбиіміз қазіргі кирилл негізіндегі орыс-қазақ әліпбиінің латынша нұсқасы. Соған қарағанда, ешқандай реформа өткізілмейтін секілді, себебі енді Су деген сөзді Sý деп жазатын шығар, ал дыбысталуына қарай Suý деп жазылу тиіс. Ии мен Йй әріптерін бір латын әрібімен таңбалағандарына қарай , ол жақ та еш өзгеріссіз қала бермекші, А. Байтұрсыновтың араб әліпбиі негізіндегі төте жазуында Ии әрпі жоқ!! Ол дұрыс, себебі дыбысталуы дыбысталса да, жазылғанда бәрі түсінікті, егер адам дұрыс оқи білсе, мысалы: кійім - kiyim , бій - biy т.б."

Т

Табылды Каюпов

Қолданушы

12/04/2018 16:00      0   0
Қазақта у дыбысы дауыссыз. Оны 3-жақтық жалғауды жалғап бала+сы, тау+ы екенінен көруге болады. Оның дауыстының мәндетін атқаратын жері ол сөзді буынға бөлгенде су+ға, тау+ға. Бұл екеуінің біріншісінде у дауысты сияқты, ал екіншісін дауыссыз сияқты. Бұл қате. Өйткені су сөзәнің дыбыстық құрамы сұу. Егер бұрындағы унемдегіштердің жіберген қатесін түзесек, у мен и әріптерінің ауыспалы қасиеті туралы өтірік ережеден де, бұлар тудырған тілдегі шиеленстерден де арылар едік.

Қ

Қанат Мырза

Қолданушы

12/04/2018 15:58      0   0
Uu-ға дауыс бергендер көп екен, бірақ оның дыбысталуы Йу кейде А , яғни жуан не жіңішке түрленуі болғандықтан Ұұ мен Үү дыбыстарын белгілеуге қолайлы және басқа елдер қазақша сөздерді оқығанда мысалы Ұлар, Ұлан сөздерін Юлар-Алар, Юлан-Алан деп оқыр, ал Уу дыбысы көбіне дауыссыз ретінде қолданылатындықтан Ww дауыссыз дыбысы дұрысырақ, оқылуы да Уы...

A

Asqar Akhmetuly

Қолданушы

12/04/2018 15:11      0   0
У дыбысы латын алфавиті бойынша классикалық "U" таңбасымен белгіленуі керек. W-ды қолдануға қарсымын, өте қолайсыз, көзге де ерсі көрінеді.

Г

Гүлбақыт Қожбаева

Қолданушы

12/04/2018 11:08      0   0
Буква «Uu» - 21 буква базового латинского алфавита, согласная. По нормам Международного фонетического алфавита (МФА) название звучит как /juː/, в русской транслитерации звучит как /йю/. Прародитель греческий «Yy», юпсилон  «Yy»разделяется на «Yy» и латинский «Vv»  Далее от латинского «Vv» выделяется «Uu»  от «Uu» отдельно выделяется «Ww». В кириллице «Уу» от греческого «Yy», юпсилона. В языках использующих латинский алфавит с буквой «Uu» используется все диакритические знаки. В английском языке диакритики не используются. В английском языке используется как самостоятельная буква и звук, так и в составе полиграфов. Неударный в большинстве позиций. Самостоятельно в начальной позиции (по убыванию использования): -в приставке un- придающей противоположное значение Например: unable, undone Произносится как [ʌ] –как буква (о) в Москва, краткая /а/ -в приставке under - указывает на положение под чем-л., ниже чего-л; указывает на подчинённость, второстепенную роль; указывает на недостаточность, неполноту. Например: underage, underground Произносится как [ʌ] -в словах заимствованных из латинского, немецкого и других языков. Например: urban, urgent, ultimate, umbrella, Übermensch, Ural, university В произносится как /ʌ/, / juː /, /ə:/, /u:/ в зависимости от произношения в языке оригинале. -в латинских приставках Например: Ultraviolet В англо-саксонских словах в начальной позиции практически отсутствует. В середине слога, самостоятельно /ju:/, /ʌ/, /ɜ:/, /juə/ - В коротких словах перед согласной, или в более длинных словах, если после «u» идут 2 согласны, произносится как ударный /ʌ/. Например: pun, punch, luck, ruck.. - в слоге после букв «Ll», «Jj», «Rr». Например, blue, June, rule. произносится как /ju:/. - слог типа b, p, f + u + sh или ll. Например, bush, full, pull, произносится как /u/. -в сочетании «–ur». Например, pure, your, fur, произносится как /juə/, /jɔ:/, /jə/ -в сочетании «ui». Например, build, built  /i/ -(и) - в сочетании «-us”. Например, business, busy  /i/ - (и) - в сочетании gu + гласная не читается. Например, guy, guide, guest. В дифтонгах «- ou», например house, mouse  /au/-(ау) «аu», например fauna, gauze  /ɔ:/ (долгая заднеязычная О) В трифтонгах «-ure» – обычно встречается в конце слов, являясь безударным слогом, например Lecture, literature, произносится [ə]. В составе тетраграфа «ough» - /ʌf/. Например tough, enough.

Қ

Қуантқан Ванов

Қолданушы

11/04/2018 12:29      1   0
Төлеубек Зайсанбаевқа қайтарар жауабым Мен «Жылжу, сергу сөздері жылжы, сергі бұйрық райлы етістіктеріне ў қосымшасын жалғау арқылы шығып тұр. Сондықтан бұл сөздер жылжыу сергіу болып айтылады» деген едім. Сіз «Бұл жерде ў дауыссызының айтылуы ұу/үу екенін естен шығармайық. Сөз бен қосымшаның аралығында екі дауысты дыбыс қатар келген, түбірдің соңындағы дауыссыз (дауысты, түзеткен мен) түсіп қалады. Сондықтан бұл сөздердің жылжұу, сергүу болып айтылуы заңды» депсіз. Сіздің қисыныңызға келіссек, барма, келме сөздеріне де ў қосымшасы барма+ұу, келме+үу деп жалғанып, бармұу, келмүу болады ғой. Бұлай емес екені анық. Дұрысына келсек, ў дауыссызының айтылуы ұу/үу емес. Дауыссыз бұлайша жеке айтыла алмайды. Ол алдындағы не соңындағы дауыстымен қосылып қана дыбыстала алады, яғни жылжы, сергі сөздерінің соңындағы ы, і дауыстыларымен қосылып, ыу, іу деп дыбысталады. «Ы дыбысын айтқанда езу барынша артқа тартылады, ал у дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп алға созылып тұрады» дейсіз. Айнаға қарап тұрып, жарыс, желіс деген сөздерді айтып қарасақ, езудің ы, і дыбыстарын айтқандағы артқа тартылуының а мен е-ні айтқандағы артқа тартылуынан айырмашылығы шамалы екенін аңғаруға болады. Олай болса, алау, елеу сөзін айта алғанымыз сияқты алыу, еліу деп те айта аламыз. «Жылжыу, сергіу деп езулік дыбыстан кейін бірден еріндікті айту айтылуды қиындатпаса жеңілдетпейді» деп, алдында ы тұрса, дауыссыз у-ды айту қиын болады дейсіз. Біздіңше, езулік дыбыстан кейін бірден еріндік дауыссызды емес, еріндік дауыстыны айту қиын тиеді. Ал біздің жалғап отырған у қосымшамыз – еріндік дауыссыз. Ал дауыссыз дыбыс дыбысталғанда дауыстыға бағынып, жуан-жіңішке, еріндік-езулік реңк қабылдайды. Сондықтан жылжып, сергіп сөздерін қалай қиналыссыз айтсақ, жылжыу, сергіу сөздерін де солай айта аламыз.

М

Мейірбек Сайланбекұлы

Қолданушы

11/04/2018 12:17      1   0
У-W: У ді W деп алған дұрыс, өйткені У айтылуында да ҰУ дан тұрады, ал ағылшын тілінде W да Double U деп яғни Қосылған У деген мағынада береді. У дегенді алғашы Қазақ тіліндегі Латын әліпбиінде де UV деп қос У лармен белгілеген, Сондықтан айтылуы мен Жазылуы жағынан сәйкес келетін W қолданған жөн деп ойлаймын, мысалы: уді у қайтарады, Аудармасы: wdi w qaytaradi.

Т

Төлеубек Зайсанбаев

ф.ғ.к.

06/04/2018 10:28      1   0
Ванов Қуантқанға жауап: «Сіздің пікіріңіз бойынша жылжу, сергу сөздері жылжұў, сергүў деп айтылады, ал меніңше жылжыў, сергіў деп айтылады. Мен өзіндік артикуляциялық ерекшелігіне қарай сізше айтатын адамдар барын да жоққа шығармаймын. Бірақ дұрысырағы қалай? Мен өз пікірімді былай түсіндіремін. Жылжу, сергу сөздері жылжы, сергі бұйрық райлы етістіктеріне ў қосымшасын жалғау арқылы шығып тұр: жылжы+ў, сергі+ў. Сіз бұл сөздердегі ы мен і-нің ұ мен ү-ге айналатынын қалай түсіндіресіз?»- деп жазыпсыз. Бұл жерде ў дауыссызының айтылуы ұу/үу екенін естен шығармайық. Сөз бен қосымшаның аралығында екі дауысты дыбыс қатар келген, түбірдің соңындағы дауыссыз түсіп қалады, Сондықтан бұл сөздердің жылжұу, сергүу болып айтылуы заңды. Ал у әрпінің 1929 жылға дейін ұў, үў, ыў¸ іў болып жазылып келгеніне тоқталатын болса, ол сол кездегі емлеміздегі қателік. Қателеспейтін адам болмайды. Ы дыбысын айтқанда езу барынша артқа тартылады, ал у дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп алға созылып тұрады. Ал жылжыу, сергіу деп езулік дыбыстан кейін бірден еріндікті айту айтылуды қиындатпаса жеңілдетпейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі қатты сақталатынын байқаған еуропалықтар бұл жалқаулықтың әсері деп бағалаған. Біз мұны керісінше, сөйлеуде күш түсірмеуден пайда болған деп түсінуіміз керек. Тілдік үнем заңы дегеніміз осы. «Езулік дауысты еріндік дауыстыдан әуезділеу»,– деген сіздің өзіңіздің көзқарасыңыз. Меніңше еріндік әуезбен сөйлегенде дауыс күмбірлеп жақсы естілетін сияқты. Мәселе, оның жақсы немесе жаман естілуінде емес. Мәселе айтуда сөйлеу аппараттарына күш түсірмеуде. Араб-парсы тілінен кірген сөздердегі қосарлы дауыссыздарды бір-ақ дыбыспен айту (махаббат емес махабат, ләзззат емес ләзат т.б.) да осы тілдік үнем заңдылығына байланысты. Болуы, көруі сияқты сөздердің жазылуына көзіміз үйреніп қалғандықтан, осылай дыбыстаймыз деп ойлаймыз. Біздің сөйлеуіміз жазудың ауанына еріп кеткен. А.Байтұрсынұлының: «Мен ойлауымша, емле – жазу үшін шығарылған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»,– деген ұстанымын ұмытпағанымыз жөн.

Н

Нұргелді Амангелдіұлы

Қолданушы

02/04/2018 16:22      1   1
1. Aa-Аа 2. Ää-Әә 3. Bb-Бб 4. Cc-Шш 5. Dd-Дд 6. Ee-Ее 7. Gg-Гг 8. Ğğ-Ғғ 9. Hh-Хх/һ 10. İi-Іі 11. Iı-Ыы 12. Jj-Жж 13. Kk-Кк 14. Ll-Лл 15. Mm-Мм 16. Nn-Нн 17. Ňň-Ңң 18. Oo-Оо 19. Öö-Өө 20. Pp-Пп 21. Qq-Ққ 22. Rr-Рр 23. Ss-Сс 24. Tt-Тт 25. Uu-Уу 26. Ūū-Ұұ 27. Üü-Үү 28. Yy-Ии/Йй 29. Zz-Зз Тек қазақтың төл дыбысына негіздеп қабылдағын жөн сонда артық кірме әріптен құтыламыз және тілді таза сақтап қаламыз. Ал кірме терминдерді қазақы дыбысқа баламалап айтуымыз қажет. Мысалы: тарелка-тәрелке, электр-електір, самовар-самаурын т.б. деген сияқты. Сондай-ақ түріктер сияқты халықаралық термин сөздерді өз тіліне бағындырып айту керек. Яғни, -ция,-сия, -ия,-гия тіркестерінен арылу керек. Мысалы: демократия-демократион, эволюция-эвалюсион т.б сияқты

Н

Нұргелді Амангелдіұлы

Қолданушы

02/04/2018 16:06      1   2
Uu осы әріпті құптаймын.

Н

Назира Әміржанова

ф. ғ. к.

02/04/2018 15:20      1   0
С.Аманжолов «іj-дің қосарлы жазылуына себеп болған бізде орыстың «и» дыбысы сияқты толық әріптің жоқтығы. Бізде j дыбысы тек жіңішкелік үшін, дәнекер үшін жүреді, біздегі «j» -дыбысы тек қысқалықты, шолақтықты көрсетеді. Ол екеуі де жарымжан, екеуі де толық әріптік қабілеті жоқтар. Енді біз екеуін қосып, бір әріп қылмау үшін не жаңадан бір дыбыс алу керек десек, оған қолайлы таңба жоқ, і-дыбысына толық орыстың «и» дыбысымен бірдей бол дегенмен ешбір болатын емес. Оның негізгі жіңішке, жарты дауысты екендігі. Бұл екі қасиет оны толық «и» (орысша) қыла алмайды. Егер мұны толық бал деп қойсақ, жазу ережесі үш есе артады. Қытайдың жазуы болады. Сөйткен күнде де оны сол қалпында қалдырмау керек», – дей отырып, мынадай жоба ұсынады: 1) і әрпін бұрынғы күйінде қалдыру, оның жіңішкелік, дәнекерлікке беретін мәні де жеткілікті; 2) j әрпіне толығырақ маңыз беру керек. Оны орыстың «и» дыбысы мен бірдей дәрежеге жеткізу керек. Сонда екі дыбыс (і, j) қатар жазылмайтын болады; 3) j дыбысы дауысты дыбыстардан соң ғана, қысқа шолақ дауыссыз саналсын; 4) еш жерде j-дің алдынан і дыбысы жазылмасын, қосарланбасын тек j-дің артынан і келуіне болады. Мысалы, kjim, tjin т.б. 5) u дыбысын орыстың в-сына (сөз басында келсе), сөз ортасында, аяғында орыстың «у»-на тең деп жоба алу .

Ә

Әлімхан Жүнісбек

ф. ғ. док. проф.

02/04/2018 15:12      3   0
Латын әліпбиіне қазіргі кирил орфографиямыздың үлгісімен өтуге болмайды. Онда кирилдегі тілбұзар ережелерімізді сол күйінде қайталаған болып шығамыз. Сондықтан алдымен қазақ мәтініне «әліпби транскрипция» жасап алуымыз керек. Сонан соң барып қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиіне көшіреміз. Осындай реформаның нәтижесінде қазақ тілінің: -төл дыбыс құрамы кірме таңбаларсыз таза анықталады; -төл дыбыс құрылымы (жүйесі) сақталады; -морфем құрамы бұзылмайды; -буын тұрқы жаңсақ жіктелмейді; -тасымал реті сетінемейді; -сөйлем ырғағы сақталады. Латын әліпбиіне өту үстіндегі жазу реформасының басты нәтижесі осы болмақ.

S

Sultan Bagidolla

Қолданушы

30/03/2018 23:48      1   0
Алдыңғы пікірімді толықтырсам: Дауыссыз У = Ww. Дауысты У төл сөздерде қос дыбыс – ұw бірінші буында, қалған буындарда ыw/iw, ал кірме сөздерде бейімделу керек, Ұ/Ү/О/Ө боп.

S

Sultan Bagidolla

Қолданушы

30/03/2018 23:46      2   0
Дауыссыз У = Ww. Дауысты У төл сөздерде қос дыбыс – ұw, үw, ал кірме сөздерде бейімделу керек, Ұ/Ү/О/Ө боп.

Қ

Қуантқан Ванов

Қолданушы

30/03/2018 14:10      2   0
Төлеубек Зайсанбаевқа жауап 1. Сіз мені «ми нотасы мен информатика пәнінде кездесетін бит терминін мій, бійт деп жазсақ, ғылымымыз дамымай қалады деп түсінеді» депсіз. Менде мұндай пікір болған емес. «Ми» мен «биттің» жазылуы жөніндегі ойымды білдіргенде мен кейбір адамдардың өз сөздеріміз бен халықаралық сөздерді екі түрлі жазайық деген пікірінің үйлеспейтіндігі жөнінде айтқанмын. Сіз басқаша түсініпсіз. 2. «Автордың ұу/үу мен ый/іи-ді бір әріппен белгілеу керек деген пікіріне біздің өз көзқарасымыз бар» депсіз. Осыған қатысты сіздің қаперіңізге мынаны бергім келеді. Сайтта тұрған материал менің бұрынырақта жазған пікірім. Оны сайтты жүргізушілер интернеттен алып жариялаған болуы керек. Өйткені менің и мен у-дың жазылуына қатысты сайтқа жіберген пікірім басқа. Оны сайтқа жіберумен қатар өзімнің Фейсбуктегі парақшама да жариялаған болатынмын, содан танысуыңызға болады. Түйткілі бар мәселені шешудің түрлі жолдарының ұсынылуы заңды нәрсе. Сіз де өз ұсынысыңызды беріп отырсыз. Осы сияқты әр түрлі ұсыныстарды талқылай отырып, түйткілдің түйінін тарқатуға да жетеміз ғой деп ойлаймын. 3. Сіз менің «дауыссыз емес у тек ұў, үў деп емес, ыў, іў деп те айтылады» деген пікіріммен келіспейді екенсіз. «Автордың асу – асыў деп оқылады дегеніне де келісе алмаймыз. Еріндік у дыбысы еш уақытта езулік ы дыбысымен тіркесе алмайды, оған қазақ тілінің артикуляциялық мүмкіндігі жоқ, яғни бұл сөз асұў болып оқылады» дейсіз. Артикуляциялық мүмкіндік жоқ болса, у әрпінің 1929 жылға дейін ұў, үў, ыў¸ іў болып жазылып келгені қалай? Айтылуы басқа болды дейтінге сол кездегілер бұлайша төрт түрлі жазуды айтылуы бойынша деп түсіндірген. У-дың 1929 жылдан кейін ұў, үў түрінде ғана жазылуы да ыў¸ іў тіркестерінің айтылмайтындығынан емес, жазуды жеңілдету мақсатында қабылданған. Бұған қарсы А.Байтұрсынов «Емле туралы» деген мақала жазып, онда асыу, алыу, барыу, келіу деген мысалдардағы ы, і-лердің орнына ұ, ү жазудың қателігін көрсеткен (Алаштың тілдік мұрасы, 25-бет, «Руханият» орталығы). Сіздің пікіріңіз бойынша жылжу, сергу сөздері жылжұў, сергүў деп айтылады, ал меніңше жылжыў, сергіў деп айтылады. Мен өзіндік артикуляциялық ерекшелігіне қарай сізше айтатын адамдар барын да жоққа шығармаймын. Бірақ дұрысырағы қалай? Мен өз пікірімді былай түсіндіремін. Жылжу, сергу сөздері жылжы, сергі бұйрық райлы етістіктеріне ў қосымшасын жалғау арқылы шығып тұр: жылжы+ў, сергі+ў. Сіз бұл сөздердегі ы мен і-нің ұ мен ү-ге айналатынын қалай түсіндіресіз? 4. Сіз менің «ынтымақтасуымыз, жігерлендіруіміз деген сөз ынтымақтасыуымыз, жігерлендіріуіміз деп айтылады» деген пікірімді дұрыс емес, «бұл сөздер ынтымақтасұуұмұз, жігерлендірүуүмүз деп айтылады» депсіз. Соған байланысты осы сөздерді көптеген адамдарға айттырып қарағанымда, сөз соңында мұз, мүз деп ернін шүртиткен адамды кездестіре алмадым. Сондай-ақ «түсіндіруіңізше» сөзін де ешкім С.Мырзабековше «түсүндүрүуүңүзшө» деп айтпады. Сіз С.Мырзабеков пен Ә.Жүнісбек пікірлерін келтіріпсіз. Олар В.В.Радлов пен П.М.Мелиоранскийдің қазақ сөздерін ерін үндестігі бойынша жазған деректеріне сүйеніп, оны тіліміздің бертінге дейін келген табиғи заңдылығы деп есептейді. Егер бұлай болатын болса, олармен замандас А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедов бұл заңдылықты қалай байқамаған? А.Байтұрсынұлы «еріндіктер екінші буынды сүймейді» десе, үндестікті арнайы зерттеген Х.Досмұхамедов еріндік үндестікті елеусіз қалдырады. Біздіңше, түркітанушы болғанмен тілі қазақша шықпаған және күнделікті қолданып жүрмеген орыс ғалымдарының тіліміздегі дыбыстарды ажырату мүмкіндігін бұл кісілерден жоғары деудің жөні жоқ. Бұған олардың сөздіктеріндегі у дауыссызынан кейінгі қысаң дауысты мен е дыбысын еріндік дауыстымен беру мысалдары (кеудө, біреудү, т.б.) да дәлел бола алады. Бұл сөздердің еріндік болып айтылмайтыны айдан-анық қой. Олай болса, ерін үндестігі сөзіміздің соңына дейін сақталады деу орынсыз. Дегенмен, В.В.Радлов пен П.М.Мелиоранскийдің қазақ сөздерін еріндік үндестік бойынша жазғанына белгілі бір себеп болуы керек қой. Соған қатысты пікірімізді білдірейік. Айнаға қарап тұрып, кінә-кінә, күнә-күнә деп айтып қарасақ, күнә сөзіндегі ә кінә сөзіндегі ә-ге қарағанда еріннің сүйірлеу қалпында айтылатынын байқаймыз. Сол сияқты сыра-сыра деп айтқандағы а-ға қарағанда сұра-сұра дегендегі а еріннің сүйірлеу қалпында айтылатыны байқалады. Демек, еріндік дауыстыдан кейінгі буындағы езулік дауысты жеке айтылғандағысынан гөрі еріндердің сүйірлеу қалпында айтылады. Біздің ойымызша осы заңдылық бойынша еріндік дыбыстан кейінгі буындағы ы, і дыбыстарының еріннің сүйірлеу қалыпта айтылуын орыс ғалымдары еріндік дыбыс деп қабылдаған деп есептейміз. Өйткені еріннің сүйірлеу қалпында айтылған ы мен і-ні ұ, ү дыбыстарынан айыру орыс түгілі, қазаққа да қиын. Ерін үндестігіне қатысты бүгінгі заңдылығымыз қандай дейтін болсақ, оның әлсіреуі, кейінгі буындарда езулік дауыстылардың айтылуы болып отыр. Мұны сөзді айтуымыздың бұзылуы дейтіндер бар. Шынында солай ма, салыстырайық. Еріндік дауысты сөйлеу мүшелеріне күш түсірсе, езулік дауысты күш түсірмейді. Езулік дауысты еріндік дауыстыдан әуезділеу. Сонда сөзіміздің жеңіл және әуезді айтылғанының несі жаман? Біздіңше, ерін үндестігінің әлсіреуі сөйлеу мәнеріміздің бұзылуы емес, даму үрдісіндегі жетілуі сияқты. Езулік дауыстыны айтқанда сөйлеу мүшелері босаң қалыпта болады, ал босаң қалып – сөйлеу мүшелерінің табиғи қалпы. Олай болса, қазіргі сөйлеу заңдылығымызды ерін үндестігінің әлсіреуі дегеннің орнына «сөйлеу мүшелерінің табиғи қалыпқа ұмтылуы заңдылығы» деп атауға болады.

Б

Бижомарт Қапалбек

«Мемлекеттік тілді дамыту институтының» атқарушы директоры

20/03/2018 16:06      1   0
Құрметті әріптестер, latyn.mtdi.kz сайтында мамандар «у» дыбысын талқылап жатыр. Оны латынның қай таңбасымен (U, W) белгілеу бойынша бірізді пікір жоқ екендігі байқалды. Кейбір ғалымдар у дыбысының дауыссыз екендігін ескеріп, оны латынның W таңбасымен белгілеуді ұсынады. Мұндай кезде бір-ақ өлшеушекке(критерийге) сүйену жеткіліксіз. Сондықтан болашақ орфографияда бұл дыбысты тек дауыссыз ретінде таңбалаймыз ба, әлде жазуды үнемдеу үшін екінші, үшінші буындарда ұу және үу қосарының орнына у-дың өзін ғана жазамыз ба? Сондай-ақ тілімізде латынша U таңбасымен орысша у таңбасы бар шеттен енген термин сөздердің саны қанша? деген мәселелерді де ескеру қажет. Сондықтан орфография мамандары мен терминшілердің пікірлерін бір саралап алып, содан кейін дауыс беруге көшеміз.

Т

Төлеубек Зайсанбаев

ф.ғ.к.

19/03/2018 10:15      1   0
Вановқа жауап: Автордың ұу/үу мен ый/іи-ді бір әріппен белгілеу керек деген пікіріне біздің өз көзқарасымыз бар. Осылайша жазуда үнемдейміз деп орфографиялық сөздігімізге у (яд), ій (тері илеу дегендегі иле етістігінің жасалуына негіз болған зат есім «Біреу малма сапсиды салып иін» Абай) сөздерінің енбей қалғанын айта кету керек. Сондықтан бір буынды ұу, ійт, ій, тұу (байрақ), түу (одағай), мый, кій, қый, тый, тій сияқты сөздерде бұл дыбыстардың алдына ұ/ү және ы/і дыбыстарын қосып жазу керек деп ойлаймыз. Ал көп буынды сөздерде, немесе осы сөздерге қосымша жалғанғанда, бұл дыбыстарды жазбай-ақ қойса болатын сияқты. Яғни, улау, итке, иле, туды, милы, қиын, тиын, тиме деп жаза беруге болады. Мектептен бастап бұрынғыдай «у мен и бір де дауысты, бірде дауыссыз» деп оқытпай, у мен и-дің ұу/үу мен ый/іи дыбыстарының тіркесімін беретінін баланың миына құю арқылы бұл қиындықтан шығуға болады деп ойлаймыз. Ми нотасы мен информатика пәнінде кездесетін бит терминіні мій, бійт деп жазсақ, ғылымымыз дамымай қалады деген түсінік те орыс жазуына басымыз айналып қалғандығының белгісі. Сөздің лексикалық мағынасы сөз тіркесінде, сөйлем құрамында ғана айқындалатынын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан информатика пәнін оқып отырған оқушы бійт сөзінің бастағы бит сөзімен шатыстырады деп ойламаймыз. Автордың асу – асыў деп оқылады дегеніне де келісе алмаймыз. Еріндік у дыбыс еш уақытта езулік ы дыбысымен тіркесе алмайды, оған қазақ тілінің артикуляциялық мүмкіндігі жоқ, яғни бұл сөз асұў болып оқылады.

Н

Назира Әміржанова

ф. ғ. к.

16/03/2018 09:55      1   0
20-жылдары и, у дыбыстары естілуінше жазылды. Аталған дыбыстар қазақ жазу тарихында бірнеше рет өзгеріске түсіп, былайша жазылған: У: 1. ЫУ, ІУ, ҰУ, ҮУ (тыуралы //тұуралы, сыу//сұу, күресіу) (1929 жылға дейін) 2.ҰУ, ҮУ (сұу, күресүу)( 1929 жылдан бастап жүйелі түрде) 3.У (су, күресу) (1938 жылдан бастап, қазірге дейін) И: 1.ІЙ ЫЙ (тарыйқ, кабійнет, көлексыйа)(1938 жылға дейін) 2.И (тарих, кабинет, колексия) (1938 жылдан бастап) Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде и, у-дың жазылу формасы екі түрлі болғандығын көреміз. Яғни 1929-38 жылдар аралығында комитет, институт т.б. сөздердегі [и] дыбысы және туралы, ескерту тәрізді сөздердегі и, у дыбысы қосар таңбамен, сөздің жуан және жіңішкелігіне қарай ій, ый, ұу, үу түрінде таңбаланды. Мысалы, pьjlarmonьja (пыйлармоныйа), kәвijnet (кәбійнет), уjrenyv (үйренуү), өndirуv (өндіруү), respoвilijke (респобілійке), ekanomijke (еканомійке), kәmijtet (кәмійтет), pөlijmetal (пөлійметал), кәmвijnat (кәмвійнат), pьrapsәjөz (пырарсөйөз); tuvralь (тұуралы), eskertuv (ескертүу), aluv (алұу), oquvcь (оқұушы) т.б.

Т

Төлеубек Зайсанбаев

ф.ғ.к.

14/03/2018 10:53      1   0
1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығының фонетика бөлімін жазған академик І.Кеңесбаев қазақ тілінде ерін үндестігі үшінші буынға дейін жетеді, бірақ жазылуда ескерілмейді деген болатын. Дегенмен, қазақ тілінің орфоэпиясы туралы жазылған еңбектерде кейбір зерттеушілер, ерін үндестігін төртінші, тіпті бесінші буынға дейін жеткізеді. Бірақ академик І.Кеңесбаевтың ерін үндестігі жазылуда ескерілмейді деген бір ауыз сөзі қазақ тілінің орфографиялық ережесінен ерін үндестігін сызып тастады. Профессор Мырзабектен Сапархан қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінде түсіндіруіңізше деген сөзді түсүндіруіңізше болып айтылуы тиіс дегенін былай сынайды: «Төртінші буында тұрған у әрпі – үу дыбыстарының таңбасы. Олардың өзінен кейінгі буынды еріндік етуі заңды. Олай болса, түсүндірүуүңізше болуға тиіс. Егер осылай айтатын болсақ, ерніміз төрт рет жыбырлауға мәжбүр болады. Еріндіктердің арасында дір неге езулік болып тұруға тиіс. қаптаған ү-лердің і-ге әлі келмегені ме» [Мырзабектен С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001 ж., –320 б.] Ол әрі қарай: «Бабалар тілі – үнемді тіл. Бірін-бірі еріннің емеурінен түсінеді. Бас буын тү – болған соң, қалғандары да артық қимылды қажет етпейді, біртіндеп, сатылап, алдыңғы буын келесі буынды ілестіріп, үйлестіріп тұрады; тіл бір-ақ қозғалыспен тұтас сөзді айтып шығады: түсүндүрүуүңүзшө. Өңін айналдырып жазып, айтып үйренген бізге бұлай жазып айту қаншалықты алыс көрінсе, бабалар тілінен соншалықты алыстап кеткендігімізд түсінсек керек»,– деп қорытынды жасайды [Мырзабектен С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001 ж., –320 б.].

Қ

Қанат Мырза

Қолданушы

13/03/2018 13:03      1   0
Уу дыбысы көбіне дауыссыз болғандықтан латында бар Ww әріпі қолданылғаны дұрыс-ау, латынды енгізудегі басты мақсат латынды қолданушы әлемдік технология мен компьютерлік тілге айналған АҚШтың ағылшын тілінің дыбысталуына барынша ұқсас болғаны абзал деп ойлаймын. Ұұ дыбысы латынның Uu әріпімен, ал Үү дыбысы осы әріптің төбесіне кішірейту белгісі ретінде циркумфлекс қойыла отырып Ûû әріпімен таңбалау керек шығар. Ғғ дыбысына Нн әріпі өзі сұранып тұрған тәрізді, ағылшында көбіне Хх дыбысын берсе, Немісшеде Гг дыбысын береді, екі дыбысты қосып айтсақ Г+Х, г+х=Ғғ дыбысы шығады, әрі орналасуы да клавиатурада да, әліпбиде де қатар тұратын болады: ...Гг, Ғғ ... - ...Gg, Hh,... Google аудармашының дыбыстық айтуымен Hh әріпі ортасында келетін сөздерді тыңдасақ Хх быдысынан гөрі Ғғ дыбысына көптеу ұқсайды. Қосымша әріптерді жасауда төбесіне графис, акут қойғаннан гөрі, Қаюпов Табылды ағамыздың ұсынып жүрген математикалық кішірейту белгісіне ұқсас циркумфлекс қолдануды қолдаймын.

Қ

Қуантқан Ванов

Қолданушы

12/03/2018 10:09      4   0
И мен у-дың қазіргі емлесіндегі қайшылықтар. Қазіргі емле бойынша ұў, үў мен ый, ій тіркестері у, и әріптері арқылы белгіленетініне байланысты сұўы, бійі деп айтылатын сөздер суы, биі деп жазылады. Осы сөздерге талдау жасайық. Суы, биі екі буынды сөздер, ал екі буынды сөзде екі дауысты болады. Демек, с мен б дауыссыз болғандықтан, бірінші сөздегі у мен ы, екінші сөздегі и мен і дауысты. Яғни бұл сөздерде екі дауысты қатар келіп тұр. Ал қазақ тілінің заңы бойынша екі дауысты қатар келмеуі тиіс. Сондай-ақ буынға бөлу ережесі бойынша, әр буында бір дауыстыдан болуы керек. Демек, бұл сөздер буынға су-ы, би-і деп бөлінеді. Бірақ бұл «бірінші буыннан басқа буын дауыстыдан басталмайды» деген заңымызға қайшы. Олай болса, и мен у-дың қазіргі қолданылу ережесі жарамсыз.

Т

Төлеубек Зайсанбаев

ф.ғ.к.

12/03/2018 10:06      1   0
Қуантқан Вановқа Профессор Ә.Жүнісбек XIX ғасырда қазақ фонетикасын зерттеген орыс миссионерлерінің еңбектері жайлы айтқанда: «Олар құрастырған сөздіктерге қазақ сөзінің үндесім (сингармониялық) үлгісі сол таза ауызша айтылым күйінде (үнтаспаға жазғандай болып десе де болады) ендіріліп жатты. Қазақ тілі дыбыстарының сөз құрамындағы (сөйлеу үстіндегі) түрленім үлгілерін айны-қатесіз көрсетіп отырды. Әсіресе, ерін үндестігіне қатты көңіл бөліп, көп буынды сөздердің соңғы буынан дейін таңбалады» [2, 5-6],– деп, ерін үндестігі бүкіл сөзді қамтитына тоқталады. Оған дәлел ретінде В.В.Радлов «Сөздігінде» көп буынды сөздердегі ерін үндестігін сақтап мұрұндұқтұ, тоғұзұншұ т.б. деп жазылғанын келтіреді [Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 312 б]. Сіздің ынтымақтасуымыз, жігерлендіруіміз деген сөздеріңіз туралы осыны айтуға болады. Яғни, ынтымақтасұуұмұз, жігерлендірүуүмүз болуы тиіс. Бұл жерде ерінду у (ұу) дыбысынан кейін езулік ы дыбысының келе алмайтынын де ескеруіміз керек. Біздің орфографиялық нормамыздың өрескел қателігіне қарапайым ғана бір мысал келтірейік. Қазақ тілінде де, ұйғыр тілінде де кездесетін Үміт деген кісі атын қазақтар Үміт деп жазамыз, ұйғырлар Үмүт деп жазады. Екі тілде де бұл сөз Үмүт болып айтылады. Осыдан-ақ қазақ сөзінің айтылу мен жазылуы арасында жер мен көктей айырмашылық бар екені көрініп тұр. Ал у дыбысына келетін болсақ. Бір буынды су, ту (одағай) сияқты сөздерді жазғанда сұу, түу деп ұ, ү дыбыстарын қосып жазу керек сияқты, ал көп буынды сөздерге келгенде (мысалы, бару, келу) ұ, ү дыбыстарын жазбай-ақ қойса болды деп ойлаймыз. Олардың алдыңғы дауыстылардың әуенімен барұу, келүу болып оқылатын мектептен бастап үйретуге болады. Бұл жазудағы үнемділік үшін қажет. Ал болашақта ерін үндестігін сақтап жазамыз ба, әлде қазіргі орфографиялық ережелеріміз негізінде жазамыз ба дегенді тіл мамандары бірігіп талқылап, шешімін табады деген ойдамыз.

Қ

Қуантқан Ванов

Қолданушы

06/03/2018 10:03      3   0
Ванов Қуантқан Рзаұлы, Ақтау қаласы, ұялы тел.: +77015918832 Дауыссыз емес у қалай оқылады? Емлемізде у әрпі дауыссыз у мен ұў, үў тіркестерінің таңбасы делінеді. Демек, дауыссыз емес у әрпі ұў, үў деп оқылуы тиіс. Иә, бірінші буындағы у-дың ұў, үў деп оқылатыны рас, бірақ у басқа буындарда да осылай оқылады дегенге келісе алмаймыз. Өйткені бұған сүйенсек, ынтымақтасуымыз, жігерлендіруіміз деген сөздерді ынтымақтасұўымыз, жігерлендірүўіміз деп айтуымыз керек. Мұнда ұ мен ү дыбыстары бесінші буында тұр. Сонда еріндік дауыстылар қазақ тілінде алғашқы буындарда ғана келеді деген ереже қайда қалады?! Бұл сөздерді адамдарға айттырып қарасаңыз да, нұсқаудағыдай емес, ынтымақтасыўымыз, жігерлендіріўіміз деп айтатынын байқауға болады. Олай болса, дауыссыз емес у әрпі ұу, үу деп те, ыу, іу деп те оқылады.

A

Asqar Akhmetuly

Қолданушы

04/03/2018 18:43      1   0
бұл дыбыс латын алфавитіндегі классикалық түрінде, яғни "U u" таңбасымен белгіленуі тиіс, өзгеше бұрмалау дұрыс емес деп санаймын

A

Adil Qazaq

Қолданушы

23/02/2018 20:27      2   0
Дауысты У алғашқы сөздің бірінші буынында ҰУ, ҮУ, ал кейінгі буындарында ЫУ, İУ деуімнің себебі, қазақ тілінің қырғыз тілінен айырмашылығы қазақ тілінде Ұ мен Ү əріптері түбірсөздің тек бірінші буынында ғана келіп, қалған буындарда Ы мен І жазылып, айтылуын үндестік заңына сүйендіреді. ("Тамұқ" сияқты сөздерді есепке алмағанда)

A

Adil Qazaq

Қолданушы

23/02/2018 20:18      2   0
Сондықтан: Дауыссыз У - W (шоу - show, тау - taw). Дауысты жуан У алғашқы буында - ҰУ - UW (тума - тұума - tuwma), кейінгі буындарда - ЫУ - IW (қару - қарыу - qarıw, ұру - ұрыу - urıw, сұлу - сұлыу - sulıw). Дауысты жіңішке У алғашқы буында - ҮУ - ÚW (гу - гүу - gúw, куəлік - күуəлік - kúwálik, гуілдеу - гүуілдеу - gúwildew), кейінгі буындарда - İУ - İW (көру - көріу - kóriw, үру - үріу - úriw). Осылай қылған дұрыс деп ойлайм.

A

Adil Qazaq

Қолданушы

23/02/2018 20:16      1   0
Қазақ тілінде, негізі, алғашқы буыннан басқа буындар дауысты əріптен бастала алмайды. Сондықтан кириллицадағы дауысты деп жүрген У əріпімізді ашып тарқатып жазуымыз керек - "ұу", "үу", "ыу", "іу" - деп. Сонда "қуаныш" сияқты сөздер қазір "қу-а-ныш" болып қате буындалып тұрса, жаңа латиницамызда "құ-уа-ныш", яғни "qu-wa-nısh" болып дұрыс түрге келеді.

Ж

Жұмашай Рақыш

Қолданушы

23/02/2018 10:17      1   0
U u

A

Adil Qazaq

Қолданушы

22/02/2018 23:51      1   0
Дауыссыз У - W (шоу - show, тау - taw). Дауысты жуан У алғашқы буында Ұу - Uw (тума - tuwma), кейінгі буындарда Ыу - Iw (қару - qarıw, ұру - urıw, сұлу - sulıw). Дауысты жіңішке У алғашқы буында Үу - Úw (гу - gúw, куəлік - kúwálik, гуілдеу - gúwildew), кейінгі буындарда İу - İw (көру - kóriw, үру - úriw). Осылай қылған дұрыс деп ойлайм.

Б

Болат Боранбай

ф. ғ. к.

20/02/2018 17:17      1   0
Тілімізде буын жігін айыруға, морфемдік талдау жасауға қиындық тудырып жүрген мәселенің бірі – «у» мен «и» дауысты дыбыс таңбалары. Әліпби нұсқасы ұсынылғанымен, оларды қолдану үшін негіз болатын емле (орфография) ережелері әлі бекітілген жоқ, яғни біз бұл әліпбиді әлде де болса жазу тәжірибесіне қолдана алмаймыз, соған сай әліпбидегі «у» жөнінде әзір ештеңе айта алмаймыз. «Й»-мен қосар келген «и»-ді алып тастау керек, ол - біздің ғана емес, жалпы тілдің дыбыс жүйесін жетік меңгерген ғалымдарымыздың пікірі. Қазақ тілінде жия, қия сөздерді жи-я, қи-я деп буынға бөліп келеміз, сонда «сөзде екі дауысты қатар келмейді, екі дауысты ортасындағы дауыссыз келесі буынға ығысады» деген ережеміз қайда қалады? Айтылуымен жазсақ, дауысты «и»-ды қолданыстан алып тастасақ, жыйа, қыйа болып шығады да, жы-йа, қы-йа болып буынға бөлінеді (тасымалданады), жый мен қый түбірі, -а көсемшенің жұрнағы екендігі айқын көрінеді. «У»-дың дауысты болып қолданылуынан да осыны көруге болады: жуын – жұуын, буынға бөлінісі: жу/ын – жұ/уын, морфемдік талданысы: жұу – түбір, етістік, -ын - өздік етістің жұрнағы.

A

Asyl Arman

Қолданушы

19/02/2018 21:16      1   0
Жалпы мен сіздердіу У дыбысын W әрпімен белгілеуіне келіспеймін. Осы әріпке мейлі мың ғылыми еңбек жазылып көптеген еуропа елдері солай қолданса да. Қазірге заманда, әсіресе 2018 жылы, әліпби құрастыру жағынан біз тек қана лингвистика, филология көзқарасы бойынша қарамауымыз керек. Мұны біздің ғалымдарымыз түсінбейтін секілді. Неліктен? Осы біздің ғалымдарымыз түрік әліпбиіне құмар. Бір жағынан ол да жақсы нұсқа, бірақ мұндай нұсқа жеке біздің еліміздің Президентіне ұнамайды. Ол осы туралы талқылаған бір емес кемінде үш рет айтты: " әліпби ешбір нүктесіз, түріктердей крючоксыз болмасын ! ". Меніңше ол сондай әліпбимен өзі жазып көргендіктен бұл қол жазуында ыңғайсыз, қол жазуын баяулататын нұсқа болғанын түсінгеннен айтып отыр. Екіншіден оның қарамағындағы кеңесшілері мұндай таңдаудың бұрыс екеніне көз жеткізген, яғни ондай нұсқа экономикалық көп шығынға алып келеді, оны орнату үшін де белгілі бір уақытты қажет етеді, клавиатураға гравировка жасатуға тура келеді және т.б. Президентімізге екі нұсқа ұсынды: бірінші диграф, бірақ ол қоғамға ұнамады, себебі Ә Ө Ү У дыбыстарын AE OE UE W деп белгілеуі дизайн жағынан ешкімге ұнамады. Ал екінші апостроф нұсқа қоғамда онша резонанс болған жоқ, себебі көбісі оның кемшіліктерін бірден байқамады және де қол жазуында апостроф бір жағынан тез жеңілдеуү Президенттің өзіне бұл нұсқа онша ұнаған жоқ, оның документке қол қоюында біраз қобалжығанын көруге болады. Бірақ ол әліпбидің жоспар бойынша 2017 жылдың аяғына дейін бекітілу керек болғандықтан ол осы нұсқаны қабылдады. Бірақ өзгерістер болатынына сенді . . . Апостроф нұсқасын интернетті құртады екенін мен білемін. Бұл туралы глава интернет ассоциации Казахстана Шавкат Сабиров айтып жатыр қазір де. . . Біздің елге диграфтық әліпбиден басқа жол жоқ. Менің нұсқам бойынша У дыбысы U әрпімен белгіленді. Бұл таңдау қоғамға ұнайды, техникалық жағынан тиімді шешім. Қалған дыбыстарды басқаша тиімді, көркемірек белгілеуге болады екен. fb.com/qazlatyn

Ә

Әлімхан Жүнісбек

ф. ғ. док. проф.

19/02/2018 16:29      1   0
Соңғы жылдары жарық көрген академиялық еңбектерде у таңбасымен белгіленіп жүрген дыбыстың ақиқат мазмұны анықталып берілді. Алайда академиялық еңбектердің нәтижесі әзірге оқулықтар мен оқу-құралдарына жетпей жатыр. Сондықтан да, көпшілікті шатастырмас үшін у таңбасының іргесіне w таңбасын қосақтап у(w) деп көрсетіп отыруға мәжбүрміз. Сонымен бұл өзі неғылған дыбыс болып шықты? Оның академиялық мазмұны: Анықтамасы: ерін-еріндік жуысыңқы үнді Мәртебесі: жүйеқұрауыш Қызметі: тұйық рай көрсеткіші Тіркесімі: тек дауыстыдан кейін келеді Шеп орналасымы: сөз басында кездеспейді Жиілігі: жиі кездеседі Ұқсастығы: Орыс, араб тілдерінде жоқ, ағылшын тілінде бар.

Е

Ерболат Мұқанов

Қолданушы

19/02/2018 10:49      1   0
Ww

Ә

Әлімхан Жүнісбек

ф. ғ. док. проф.

16/02/2018 16:58      1   0
Тіліміздегі w дауыссызының ақиқатына көз жеткізу үшін бір-біріне орайлас тіркестерді пайдалануға болады. Мысалы, ау тіркесінің екі дыбыстан құралатынына ешкімнің шүбәсі жоқ, ал дәл сол үлгідегі ұу тіркесінің дыбыс құрамын бір у дыбысына айналдырып жіберіп отырмыз. Сонда бізге жетпей тұрғаны - оқу-әдістемелік дайындық пен психологиялық шеберлік. Алғашқы ау тіркесінің бірінші сыңары ашық дауысты а айқын естіледі де, екінші сыңары w дауыссызынан оңай ажыратылады. Ал екінші ұу тіркесінің бірінші сыңары еріндік қысаң ұ мен тағы еріндік w дауыссызының артикуляциясы өзара тығыз кірігіп кетеді. Cөйтіп орыс тілінің у дауыстысы тәрізді естілім әсер қалдырады. Орыс тілінің у дыбысы нығыз айтылады, ал қазақы тіркес босаң айтылады. Дегенмен тіркестің екі сыңарын ажырата алмай жатқанымыз мектептен бастап қазақы түйсінімнен айрылып қалғанымыздан (немесе айырыла жаздағанымыздан) болып отыр. Анық тіркестер: Көмескі тіркестер: ау ұу тау тұу асау ысұу үсүу айау айұу ойау ұйұу үйүу тауыс тұуыс Егер w дауыссыз дыбысының жазылым емле-ережесі дұрыс құрастырылса, онда сөздің үндесім әуезі, морфем және буын құрамы, тасымал реті мен сөйлем ырғағы бұзылмайтын болады.

A

Adil Qazaq

Қолданушы

15/02/2018 19:57      1   0
Әлімхан аға, "уәзір", "уәкіл" деген сөздерде де дауысТЫ "У" тұр ма сонда, әлде бұл жерлерде дауысСЫЗ "У" ма?

Ә

Әлімхан Жүнісбек

ф. ғ. док. проф.

14/02/2018 15:34      1   0
Ғылыми негізге жүгінетін болсақ, халықаралық фонетикалық әліпби (ХФӘ немесе МФА – международный фонетический алфавит) үлгісі бойынша таңбасы w болуға тиіс. Енді неге «шала дауысты» немесе бірде дауысты, бірде дауыссыз болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені: бірінші, оның жасалымы (артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі ауыз қуысында кедергі жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға ұқсайды, себебі буын құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші қызметі басым болып есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс болып саналады. Дауыссыз w дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі «жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында кездеспейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі - осы w. Ендеше дыбыс атауына, өзге дыбыстардай бы, ды болып дауысты соңынан қосылмай, дауысты алдынан қосылып, ұу (уұ емес) түрінде айтылады. Сондықтан ұу тіркесінің айтылымы орыс тілінің у дауысты дыбысының естілімін еске түсіреді. Қазақ тілі мамандарын да, өзге зерттеушілерді де шатастырып жүрген осы жайт. Бүлдіршіндер мен бірінші сынып оқушыларына арналған оқу-құралдарынан бастап уық, уыс т.б. «сөздер у дауысты дыбысынан басталып жатыр». Орыстақы у таңбасының машақаты бір мұнымен бітіп жатқан жоқ. Сөздіктер тізбегіндегі ұ, ү әріптерінің құрамында тұратын ондаған-жүздеген сөздер «адасып» у әрпінің соңында жүр.

Б

Бейбіт Исхан

ф. ғ. к. доцент

14/02/2018 12:20      2   0
Ерін-еріндік (қос ерін), жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысына арнай тоқталайық. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ. Сол себептен көп адамдарды шатастырып жүр. Мәселен, әлемге аты әйгілі ақын ағамыз Олжас Сүлейменовтің өзі қазақ тіліне тән «у» үнді дауысысыз дыбысы келетін «ауыл» сияқты т.б. сөздерді орысша жазу керек, «у» дыбысынан кейін «ы» (оның ойынша орысша «ый») дыбысын жазып, қазақ тілі мамандары қатты қателесіп жүр. Олардың өздері – сауатсыз» деп қате айтып отырса да, қазақ тілінің «у» дыбысының ерекше бір қасиетін қазақы түйсікпен терең сезінген. Өйткені ол «жанды (ауызша)» тілдегі «ауұл» сөзінің айтылуын жиі естігендіктен, «аул» деп жазылғанын дұрыс көреді. Рас «аул» деп жазылған қалпындағы «у» дыбысын орыс тіліндегі дауысты дыбыс секілді оқысақ, қазақша жанды (ауызша) тілдегі айтылымына барынша жақын келеді. Бірақ қазақ тіліндегі оның айтылымы, демек дыбысталуы «ауұл» екенін ол кісі сияқтылар қайдан білсін. Олар тұрмақ қазақтілділердің, оның ішінде қазақ тілі дыбыстық жүйесінің профессорларының өздері осы бір «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысы өзінің алдында да, артында да қысаң езулік дауыстылардың (е, ы, і) қолданылуын мүлдем жатырқайтынын білмейді-ау дейміз.

Б

Байынқол Қалиұлы

ф. ғ. док. проф.

14/02/2018 11:38      1   0
Қазақ тілінде И деген дауысты дыбыс жоқ. Ол – ый/ій деген екі дыбыстың қосындысынан тұратын бір ғана әріп. Бұлар жеке-жеке әріптерге бөлініп жазылғаны жөн. Қазақ тілінде У деген дауысты дыбыс жоқ. Ол да ұу/үу деген жуанды-жіңішкелі екі дыбыстың қосындылары. Ал дауыссыз (үнді) У деген дыбыс бар. Мұны латынның W әрпімен таңбалауға болады.

Т

Төлеубек Зайсанбаев

ф.ғ.к.

14/02/2018 11:29      2   0
Қазіргі әліпбиіміздегі и, у дыбыстарының жасалуы әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Бұл мәселені ашып көрсету үшін осы екі дыбысқа жеке-жеке тоқталайық. Мысалы, киім, қиын деген сөздердегі и дыбысының оқылуы туралы айтпас бұрын қазақ тіліндегі буындардың ықшамдалуы туралы айта кеткен жөн. Қазақ тілінде сөз ішінде, түбір мен қосымшаның аралығында немесе сөз бен сөздің аралығында екі дауысты дыбыс қатар айтылмайды. Мысалы: алтыатар, сары ат, ескі еді, бар ма екен сияқты күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы екі дауысты дыбыс тіркесіп келген жерлердегі алдыңғы дауыстылар айтылуда түсіп қалады, яғни алтатар, сарат, ескеді, бармекен болып айтылады. Енді киім, қиын сөздерін буынға бөліп айтып көрейік. Егер жазылуы бойынша буынға бөлетін болсақ, бұл сөздер ки-ім, қи-ын болып бөлінеді. Бұл «Қазақ тілінде басқы /сөздің басындағы/ буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда /екінші, үшінші .../ буындар дауыстыдан басталмайды» [1, 32],– деген ережеге қайшы келіп тұр. Мысалы, аталарымызға, әжелеріміздің деген сөздерді буынға бөліп көрейік: а-та-ла-ры-мыз-ға, ә-же-ле-рі-міз-дің. Екінші буыннан бастап барлық буындар дауыссыздан басталып тұр. Бұдан шығатын қорытынды, қиын, киім сөздеріндегі «дауыссыздан кейін дауысты» болып тұрған и дыбысы тіліміздегі «қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар тұра алмайды» және «екінші буыннан бастап буындар тек дауыссыз дыбыстан басталады» деген үлкен екі заңдылыққа қарсы келіп тұр. Яғни, киім, қиын сөздерінің оқылуы кійім, қыиын. Яғни, и әрпі ый/ій дыбыс тіркесімін белгілейді. Енді у дыбысының дауыссыздан кейін келуіне мысал келтірейік. Мысалы, күнделікті қолданатын су сөзіне тәуелдік жалғауын жалғасақ, суы болып айтылады. Тағы да екі дауысты дыбыс қатар келіп тұрған болып шығады. Осы сөзді жазылуы бойынша буынға бөлсек, су-ы болып екінші буын дауысты дыбыстан басталады. Бұл жерде с дыбысынан кейін дауысты ұ дыбысы тұрғанын аңғаруға болады, яғни, суы сөзінің айтылуы сұуы (дұрысы сұ-уұ, себебі еріндік ұу дыбысынан кейін езулік ы дыбысы айтылмайды. Бұл қазақ тіліндегі тағы бір үлкен заңдылық – ерін үндестігіне – қайшы келіп тұр). Сол сияқты бару, келу деген сөздерді буынға бөліп, созып айтсақ, ба-рұу, ке-лүу болып дыбысталатынын аңғаруға болады. Яғни, у әрпі ұу/үу дыбыс тіркесімін береді. Дауыссыз дыбыстарды жеке дыбыстау үшін олардан соң міндетті түрде дауысты дыбыс айтылуы керек. Мысалы, п, т, с, к, қ дауыссыздарын айту үшін пы, ты, сы, кі, қы деп қасына дауысты дыбыс қосып айтамыз. Ал р, и, у, л дыбыстарына келсек, оларды ыр, ыл, ій, ұу деп дыбыстаймыз. Екіншіден, бұл дыбыстардан қазақ тілінде сөз басталмайтынын да байқауға болады. Қазіргі орфографиялық нормамыз бойынша жазылып жүрген рас, лақ, ит, у сияқты сөздеріміздің айтылуы ырас, ылақ, ійт, ұу (орысша яд). Қорыта айтқанда, у мен и дауыссыз дыбыстар. Оларды бірде дауыссыз, бірде дауысты деп сипаттау әріп пен дыбысты, сондай-ақ орыс тілі мен қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын ажырата алмаудан шығып отыр деп есептейміз. Пайдаланылған әдебиет: 1. Мырзабектен С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Мектеп, 1996.

Б

Бейбіт Исхан

ф. ғ. к. доцент

12/02/2018 12:59      1   0
Біз кезінде қазақ тілі жазып-сызуында (графикасында) үнемділік заңын сақтаймыз деп өрескел қателікке жол бердік. Нәтижесінде «й» мен «у» дауыссыз дыбыстарының алдында келетін «ы, і, ұ, ү» дыбыстарын жазбайтын болдық. Орыс тілі мен қазақ тілі дыбыстары араласып кеткен қазіргі «орыс-қазақ» әлімбиіміздегі, әсіресе бәрімізді шатастырып жүрген «у» мен «ы» таңбалары. Шатастыруының негізгі себебі – олардың дыбыстық мәндері екі тілде екі түрлі. «У» орыс тілінде дауысты дыбыс болса, қазақ тілінде үнді дауыссыз дыбыс. «Ы» – екі тілде де дауысты дыбыс, бірақ әр тілде екеуі екі түрлі дыбысталады. Қазақ тілінді «ы» дыбысы келте дыбысталса, орыс тілінде «ый» түрінде дыбысталады. Соған қарамастан, кирилше қазіргі «орыс-қазақ» әліпбиімізде екеуіне (у,ы), қасақана болар, бірдей таңба берілген. Қазақ және орыс тіліндегі дауысты-дауыссыз дыбыстардың сапалық, сандық жағында да, олардың бір-бірімен тіркесуінде де үлкен айырмашылықтар бар. Бұл мәселе қазақтың болашақ латынша әліпбиін құрастыруда және сол бойынша емле ережелерін дайындауда қатаң ескерілуі керек.

Б

Бижомарт Қапалбек

«Мемлекеттік тілді дамыту институтының» атқарушы директоры

09/02/2018 17:46      1   0
У дыбысын латынша қалай белгілер едіңіз (y’, w, v, u, ü)? Орыс тілінде бұл дыбыс дауысты дыбысқа жатады. Ал бізде (қазақ тілінде) дауыссыз дыбыс болып саналады. А.Байтұрсынұлы бұл дыбысты кезінде жартылай дауысты - деп атаған. Қазіргі қазақ тілінде у дыбысы үнді дауыссыз дыбысқа жатады. Бүгінгінің дөй фонетист ғалымы Әлімхан Жүнісбеков : «У (w) дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. У дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. У дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады»,– деп көрсетеді. Бір қызығы орыс тіліндегі дауысты у мен қазақ тіліндегі дауыссыз у дыбыстары кирилицада бірдей таңбамен белгіленген.